Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

ТЖ департаменті басшысының сәлемдемесі

IMG_1685.JPG


Сайтымыздың құрметті қонақтары!

Біз сіздермен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Қарағанды облысындағы Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз.

Біздің сайт тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарын техногенді және табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан хабардар ету мақсатында құрылған. Сондай-ақ іздестіру, құтқару іс-шаралары жайында ақпарат тарату - сайттың міндеті.

Біздің сайтта «Шұғыл хабар» және «Жаңалықтар» айдарлары мен бөлімдері бар. Аталмыш бөлімдерге Қарағанды облысындағы төтенше жағдайлар мен біздің қызмет туралы ақпараттар жинақталған. Жаңалықтар ағымы күнделікті жаңартылып отырады.

Сайттағы «Тірі қалу әліппесі» атты бөлімде тұрғындардың өзін өрт жағдайында, тұрмыстық жағдайда, отпен жұмыс істеу кезінде, газ баллонды пайдалануда, суда жүзу ережелерін сақтауда, қыс айларында сақтық ережелерін ұстануда және тағы басқа төтенше жағдайларда не істеу керек екендігі жайында ақпараттар мен мәліметтер жазылған. 

«Балалар өртке қарсы» бөлімінде балаларды өрттен сақтандыру мәселелері жайында айтылып, оларға қысқаша қажетті мәліметтер беріледі, қысқаша оқыту курсы жүргізіледі. Сондай-ақ «Нормативті құжаттар» бөлімінде ҚР-ның заңдары мен жарғылары, құрылыс жүргізу ережелері мен нормалары қамтылған, қайтыс болған қызметкерлерді еске алу кітапшасы бар.

«Шығармашылық» бөлімінде Департамент қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстары, өлең жолдары, қолдан салған суреттері салынған. Осы бөлімде өрт-техникалық орталықтың сурет галереясы мен орталық міндеті жайында ақпарат салынған. 

Біздің сайттан көптеген пайдалы да танымдық ақпарат алатындарыңызға сенімдіміз!

Біздің ТЖ департаментінің сайтына қош келдіңіздер!

Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаментінің полковник
Күлшімбаев Ибрахим Дәукесұлы