Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысында өткен тәулікте 191 адам құтқарылды және эвакуацияланды

12.01.2018
11 қаңтарда өткен тәулікте Қарағанды облысының құтқару бөлімшелерімен 15 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 149 адам құтқарылды, 42 эвакуацияланды.  Адамадарды құтқару және эвакуациялау,  қар құрсауынан автотехниканы шығару  бойынша жұмыстар атқарылды.
ТЖД бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе Абай ауданының аумағындағытас жолдарда елді мекендерге жеткізілген  37 адамды құтқарылды.
ТЖД бөлімшелерінің күшімен және ҚР Қорғаныс министрлігінің 5516 әскери бөлімінің қатысуымен Бұқар жырау ауданында  қар құрсауында тоқтап қалған 15 жеңіл көлік, 1 жүк көлік және автобустан 28 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. Жолдың қауіпсіз аумағына 10 бірлік жеңіл көлік техникасы шығарылды. Сонымен қатар, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 103 шақырымында «Егіндібұлақ-Қарағанды» бағытында жолға шыққан  жолаушылар автобусы аударылды, оның ішінен  3 адам Қарағанды қаласы және Ботақара кентінің медициналық мекемелеріне жатқызылды, 42 адам Шешенқара  кентінің ОМ ғимаратына жеткізілді, кейін жергілікті тұрғындарға орналастырылды. 
Осакаровка ауданында құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 14 адам құтқарылды. 
Сонымен қатар, «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1045 шақырымында «Шымкент-Астана» бағытындағы автобус техникалық жағынан істен шығып, ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» ӨҚ 52859 ә/б күшімен 37 адам Теміртау қаласына жеткізілді. 
«112» нөміріне өткен тәулікте анықтамалық-консультативтік, сонымен қатар  ТЖД негізгі жұмысы бойынша (эвакуациялау, құтқару және т.б.) 3000-нан аса қоңырау түскен.
11 қаңтар Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша барлық автокөлік түрлеріне жолдар жабылғандығын еске саламыз.
Бүгін, 12 қаңтарда сағат 09:00-де Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша барлық автокөлік түрлеріне жолдар ашылды. 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

  
 

Возврат к списку