Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысының тасжолдарында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

11.01.2018
Ауа-райының қауіпті және стихиялық құбылыстары  және жабылған жолдар туралы алдын-ала жарияланған ескертулерге қарамастан, Қарағанды облысының құтқарушыларына жолда қалған азаматтардан көмек көрсету өтініштері бойынша хабарламалар келіп түсуде.  Таңғы 11 қаңтарда ТЖ Департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе  Абай, Нұра, Жаңаарқа, Бұхар-Жырау және Осакаровка жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 
Абай ауданында 10:32 уақытта жергілікті аймақтағы 2 км қашықтықта орналасқан «Вольной к.- Агрогородок к.»  тас жолында қар құрсауында қалған 3 көліктен 10 адамды жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылардың  күшімен құтқарылды.
12:34 уақытта  «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 986 км  Жұмабек ауылының жанында жүргіншілер автобусы мен жүк көлігінің соқтылысы орын алған. Құтқарушылардың көмегімен 1 адам құтқарылды, тағы да 15 адам Қарағандыға жеткізілді, медециналық көмекті қажет етпеді.
ТЖД бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдарының күшімен Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылынан 2 км  қашықта жазық далада қалып қойған жеңіл көліктерден 11 адам құтқарылды.
Нұра ауданында  «Киевка-Шахтер-Пржевальское»  тасжолының  9 км қашықтықта жергілікті атқарушы органдардың күшімен қар құрсауында қалған 3 адам құтқарылды.
Бұхар-Жырау  ауданының 103 км қашықтағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолындағы Шешенқара кентінен 15 км қашықтықта «Егіндібұлақ-Қарағанды» жолаушылар автобусы аударылды.  ТЖД бөлімшелерінің күштерімен, жолдық медициналық-құтқару пункттерімен, жедел жәрдеммен 45 адам құтқарылды, және Шешенқара кентінің орта мектебіне жеткізілді. Үш адам медециналық мекемеге жатқызылды.
Осакаровкадан 8 км қашықтықта қар құрсауында қалған 2 көліктен 4 адам құтқарылды.
Қарағанды қаласында «Алматы-Екатеринбург» тасжолында «Бүркіт» кафесінің аумағында қар құрсауында тоқтаған автокөліктен 1 адам құтқарылды.
Сонымен қатар, «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1045 км  «Шымент-Астана» автобусының техникалық ақауларына байланысты «Орталық» ҚР Ұлттық ұланының ОҚ №52859 ә/б күшімен 37 адам құтқарылып, Теміртау қаласына жеткізілді.
Еске сала кетейік, 11 қантарға қараған түнде Қарағанды облысының құтқарушылары күшімен  автожолдарда 20 адам құтқарылды.
Ауа райының күрт өзгеруінен 11 қаңтарда сағат 08:20-дан бастап Қарағанды облысының барлық бағыттары бойынша автокөлітердің барлық түрлері үшін автожолдары жабық.  
Халыққа алыс жерлерге жолға, әсіресе түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған жағдайда шықпауға кеңес береміз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку