Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Ардагерге қарап бой түзеу

12.10.2017
Қазақстан Республикасындағы кәсіби Құтқарушылар күні қарсаңында Осакаров ауданы ТЖ Бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайлар органының зейнеткері Василий Андреевич Хижняктың шаңырағына кіріп шықты.  

Василий Андреевич 1931 жылдың 7 қазанында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысын жас бала кезінде қарсы алған. 10 жасар балаға екі өгізді айдау сеніп тапсырылды, сол өгіздермен өзі шамалас балалармен бірге жер жыртты, егін септі, тыңайту жұмыстарын жүргізді. Ал 1943 жылдан бастап оған аса сенімге іліккені үшін комбайндердің астынан астық тасуды сеніп тапсырған екен. Жұмыс таңнан басталып, түннің жарымына дейін жалғасқан, үйге бармай, далада, шөпте ұйықтаған. Аяқ-киім болмағандықтан, өгіздің терісінен ыстықта қызатын, аяқты ауыртатын шәркейлер тігіп киген. Жеңіс күнін сол жұмыста қарсы алған. Василий Андреевич «Еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

 1954 жылдың желтоқсан айында Василий Андреевич пен Раиса Ивановна кездесіп, 1955 жылдың ақпан айында шаңырақ көтерген, биыл отбасы құрғандарына 62 жыл толып отыр. Раиса Ивановна Василий Андреевичтің өзін бір көргеннен ғашық болғанын және еңбекқорлығы мен тырысқандығы арқасында жүрегіне жол тапқаныны айтты. 62 жылдық отбасылық ғұмырында бұл кісілер 4 бала өсіріп, немере-шөберелерінің қызығын көруде.  

Василий Андреевич отбасымен Қарағанды облысының Осакаров ауданына 1961 жылы тың игеру жұмысын жалғастыру үшін келген.  

Өрт сөндіру қызметіне 1978 жылы келді және құрмет демалысына шыққанша 12 жылдан артық қызмет атқарды. «Үздік өрт сөндіруші» төсбелгісімен марапатталды. Қазір жасы 86 келсе де, дамыл таппайды, бақшасында жұмыс істеп, тұрмыстық жұмыстарын өзі атқарады, күніне 2-3 шақырым жүріп, жазғытұрымда балық аулау үшін 12 шақырым жерге велосипедпен барып келе алады. Өрт сөндіру бөлімін ешқашан ұмытқан емес, қашан да жас мамандарға тәжірибесімен бөлісіп, көмек көрсетуге дайын. 

Василий Андреевич «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, зейнеткер бізге өзінің ағалық ақылын айтып, ерінбей, талмай мемлекет дамуы үшін жұмыс істеуге, шыдамдылық пен төзімді қатар алып жүруге шақырды. Сонымен қатар, өз Отанына, отбасы мен салт-дәстүрлеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігін ескертті.  

Әңгіме соңында, Василий Андреевич ТЖ органы қызметкерлерінің адам өмірін құтқару жолындағы еңбегіне жеміс тілеп, ТЖ органдарының ардагері ретінде, «құрғақ жең» тіледі. 

Осакаров ауданының ТЖБ бастығы 
 азаматтық қорғау подполковнигі
Д.Сүлейменов

Возврат к списку