Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағандылық блогер өрт сөндіру бөліміне келді

11.10.2017
Қарағанды облысының ТЖ департаментімен жарияланған «Құтқару қызметіндегі бір күн» акциясы шеңберінде өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысымен блогер Ким Александр танысты.

№5 өрт сөндіру бөліміне барғаннан кейін блогер Интаграмдағы парақшасында өз әсерімен бөлісіп және біраз пікірлер қабылдады.

 «kim.a_blog Барлығына сәлем! Осымен №5 Өрт сөндіру бөлімінде бір күн өтті және шынымды айтсам осы күн менің өрт сөндіруші жұмысы туралы түсінігімді өзгертті. Біріншіден айтарым, өрт сөндіруші ақша немесе маңсапқа жету үшін жұмыс істемейді, бұл беймділік! Бұл жігіттер қанша және қандай күшті өрттерді сөндіргендеріне, құтқарылған өмірлермен және басқа жетіктерімен мақтанбайды, олар жай отаны мен халыққа қызмет етеді. Көпшілікке беймәлім, адам өмірлерін үнсіз құтқарып жүрген нағыз батырлар осылар. Инстаграм жазуды шектеген соң, осы тақырыпта екі пост болады, оның біріншісін өрт сөндірушілер мен азаматтардың арасындағы мәселелерге және түсінбеушіліктерге арнаймын:

1. Жол жүру қатысушылары мен  жаяу жүрушілер өрт сөндіру көліктеріне  жол бермеу оқиғалары жиі кездеседі. Мен түсінемін, барлығы да бір жерге асығады, дегенмен басымдықтары дұрыс болуы тиіс. Егер сіз 30 секундқа кешіксеңіз ештеңе болмау мүмкін, ал өрт кезінде әр секунд бағалы.
2. Көпшілік  адамдар өрт сөндіру көліктері бос немесе толық емес келеді деп арызданады. Бірден айту керек, бұндай болуы мүмкін емес! Көліктер әрқашан суға толып тұрады, бірақ оқпан толық қуатымен жұмыс істегенде су шамамен 2,5 минутқа жетеді. Сол себепті де өрт сөндірушілердің жұмысы тез және тиімді өртті сөндіруден тұрады.
3. Өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кіріспейді. Оған екі себеп болуы мүмкін. Біріншісі – ол көп қабатты ғимарат, өрт сөндірушілер өз күштерімен тоқ көзін ажырата алмайды және электршілерді күтуге тура келеді.  Сол себепті де ғимаратта тоқ қуаты қосылып тұрғанда өрттің сөндіруі көп мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Екінші себеп, барлық өрт сөндірушілердің бірінші кезекті қағидасы, жұмыстағы басты мақсат – адам өмірін құтқару! Сондықтан өртті сөндіруге кірісуден бұрын олар зардап шеккендердің бар-жоқтығын анықтау үшін тікелей отқа кіріп, адамдар табылса оларды өрттен таза ауаға шығарып, дәрігерлерге тапсыруға бар күштерін салады. Сондай-ақ, дәрігерлер жоқ кезде олар бірінші дәрігерлік көмекті өздері көрсете алады.

kim.a_blog4. Сондай-ақ, үй маңына өз көлігіңізді қояр кезде ені 2,5 метр көлік өте алама деп қарай салыңыз...

bekofkz@kim.a_blog ия, үй алдындағы өту жолдарында бетон плиталарын түсінбеймін, тұрғындар  көлікжүргізушілер өтуін ұнатпайды, ал өрт кезінде не болатынын ойламайды. Көрші үйде өрт болған, үлкен қызыл машина осы плиталардың кесірінен өте алмады, оларды жылжыту үшін біраз уақыт кетті.

nadejdarevtova Сәлеметсізбе, Александр! Сізбен келісемін, постқа қосарым: мен №15 өрт сөндіру бөлімін жанында тұрамын, жігіттер мықты! Өзім олардың көмегіне жүгінген емеспін, бірақ күнде олардың жұмысын сырттан бақылап жүремін. Өте жақын тұрғандықтан әр түскен дабылды естиміз. Жігіттер бірден әрекетенеді. Мен біздің қалада біреу шыныменде ар-намыс үшін жұмыс істейтініне қуанамын! Сырттағы көрініс осылай.

kim.a_blog@nadejdarevtova олар шыныменде ар-намыс үшін жұмыс істейді.... өкінішке қарай жалақылары аз болса да...».

Естеріңізге салайық, Қарағанды облысының ТЖ департаменті Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында аймақтың бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдері және блогерлері үшін «Құтқару қызметіндегі бір күн» акциясын жариялады. Акция 5 қазанда басталып, 13 қазанға дейін жалғасады.

Қарағанды облысы ТЖД
Мемлекетті тіл және ақпарат тобы

Возврат к списку