Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Егін жинау және жем-шөп дайындау кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі

11.08.2017
Егін жинау және жем-шөп дайындау  кезеңінде көбінесе өрттер мен жанулар орын алады, олардың   80 %-ы адамның кінәсынан туындайды. Жоғарғы температура және жауын-шашынның болмауы, күшті жел өрттер мен жанулардың туындауына  қолайлы жағдай тудырады.

Адамның жүрдім-бардымдығы және әдеттегі өрт қауіпсіздігі Ережелерін сақтамау көбінесе қорқынышты жағдайларға әкеледі, астық және шөп массивтерінің маңызды аумақтары жанады, материалдық залал келтіріледі. Отты абайсыз қолдану, бықсып жанған темекінің тұқылы, балалардың сіріңкемен ойнауы, ауыл шаруашылығы техникасының және көліктің ақаулы ұшқын сөндіргіштері, құрғақ найзағайлар жиі апатты салдарға әкеледі.
 
Өрттер мен жанулардың алдын –алу үшін, өрт қауіпсіздігі режимі мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.      
      
Егін жинауға және жем-шөптер дайындауға  дейін, оған қатысатын барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтеді, ал егін жинау агрегаттары мен автокөліктер  алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылады, ақаусыз ұшқын сөндіргішпен жабдықталып және тоқ алу, қосылу және майлану  жүйесі,  реттеледі. Өрттер мен жануларды сөндіру үшін  су қорларымен қамтамасыз етіледі.

Астық пісердің алдында, астық алқаптары периметрі бойынша кеңдігі 4  метрден кем емес  жолақпен жыртылады. Жиналатын астық алқаптарынан жақында, өрт жағдайында жану аймағын жырту үшін соқалы тракторлар орналастырылады. Астық  пісуі кезеңінде алқаптарды қорғау үшін  патрульдік және далалық қорықша бақылаушыларын бөлу қажет. Қылшық өртеп бастырудан қалған егiстiктердi және салаларда от жағуға тыйым салынады. Жем –шөп дайындау орындары мен жандарында ашық отты қолданумен жұмыс істеуге, астық алқаптарында темекі шегуге тиым салынады.  Қозғалтқыш радиаторларын,  көпсіткіш біліктерін, салом толтырғыштарды, транспортерлер және жинаушыларды, бұрандалар мен жинағыш машиналар бөлшектері шаңнан, саломнан және бидайдан уақытында тазартылады.

Жем-шөп қорын сақтау, ферма жайларынан  жанбайтын іргелермен (аралықтармен) бөлектенген  жапсаржайларда ғана сақталады. Арандар сым қоршаулармен қоршалады, жай қаққыштар орнатылады. Ірі жем-шөп үймелері 

электр беру желілеріне дейін 15 метрден кем емес, жолға дейін 20 метрден кем емес және ғимараттар мен жайларға дейін 50 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.  Шөп қоймаларын қоршаудан қашықтық, жақында орналасқан орман массивтеріне дейін 20 метрден кем емес орындалады, периметр бойынша кеңейту жолағы 4 метрден кем емес жырту. Алаңды үлкейту жіберілмейді, бір үйіндінің негізі 150 шаршы метрден артық емес, пресстелген шөп штабелдері -500 шаршы метрден артық емес. Жеке үйінділер, штабелдер арасындағы өртке қарсы бөлінімдер 20 метрден кем емес болуы қажет. Ылғалдылығы жоғары, өзінен –өзі жануға икем шөп үйіндісіне әдеттегі сынап термометрінің көмегімен температураны үнемі бақылау жүзеге асырылады, олар дюйм бөлімінің металл трубаларына қойылып және үйіндінің әр түрлі тереңдігіне орналастырылады. Температура цельсия бойынша 60 градустан жоғары көтерілгенде, тұтанған шөптің жалпы үйінді алаңынан алынуы жүргізіледі.
Өрт қауіпсізідігі шараларын сақтау, өрттер мен тұтанулардың туындауы мүмкіндігін болдырмайды.


Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз.


Қарағанды облысының ТЖД
ӨҚСБжПҚБ бастығы
подполковник Бадылбаев Б.Б.


Возврат к списку