Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Бригантина» балалар лагерінде алдын-алу жұмыстары

16.06.2017
«Жалын» облыстық мамандандырылған спорт мектебінің «Бригантина» сауықтыру балалар лагері Чкаловка су қоймасының жағасында орналасқан және өз қабырғасында бір мезгілде 120 баланы қабылдай алады. 14 мамыр күні лагер тәрбиеленушілеріне Қарағанды облысының ТЖД мен Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімінің жедел –құтқару тасақтарының мамандары қонаққа келді.

ЖҚЖ құтқарушылар – сүңгуірлер лагер аумағындағы жағалау және жағалау су қоймасының акваториясын тексерді. Су қоймасының түбінен бөтелкелер, бұтақтар, шынылар және басқа да қауіпті элементтер алынды. Мұнымен қатар лагер ұжымы шомылуға арналған орынды қауіпсіз жабдықтау туралы мамандардың ақыл-кеңестерін тыңдады.

Су айдынын тазалаумен қатар балалар үшін, су айдындарындағы мінез-құлық ережелері, суға кеткендерді құтқару әдістері, суға батушыға алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі туралы, сондай ақ табиғат пен тұрмыста өрт қауіпсіздігі шаралары, өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі және жедел әрекет ету қызметтерінің пультіне жалған қоңырау шалудың алдын –алу   туралы қызықты нұсқаулықтар өткізді. Оқушылар манекенде бірінші кезектегі реанимациялық әрекеттерді жүргізуді жасап көре-алды, өздеріне сүңгуірлердің керек-жарақтарын өлшеді, тәжербиеде ұнтақты өрт сөндіргіштердің пайдаланылуы тәртібін бекітті.

«Бригантина» сауықтыру балалар лагерінің басшылығы, ұжымы мен демалушылары, жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әдістемелік және тәжербиелік көрсетілген көмек үшін  азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс айтты.


В. Малышкин
Бұқар жырау ауданының ТЖБ
аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты



Возврат к списку