Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

21.11.2016
№ 44 Өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 44 ӨСБ жеке құрамдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысқа Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің шақыруымен Сәтбаев қаласының «Нұр Отан» ХДП консультанты Е.М. Аубакиров келді.

Жиналыс барысында Сәтбаев қаласының «Нұр Отан» ХДП консультаты Е.М. Аубакиров ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырып, жемқорлықпен прокуратура, ҰҚК, Мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі ғана емес, барлық мемлекеттік қызметтер күресу керектігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Әрбір азамат мемлекеттік қызметке тұрғанда өз атына тіркелген кәсіпті сенімді басқаруға беріп, одан түскен табыстарды алуға және меншікті пәтерді заңды түрде жалға беруге болатынын айта кетті.

Содан соң, Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Ж. Байгазиев жиналыстың қорытындысында сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылған адамның өзіне ғана емес, басшыларына, туыстарына және балаларына да кесірі тиетінін айтты. Сондықтан, заңға қайшы әрекет алдында жақсылап ойлану керектігін айтты. Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің арасында әлі де бұл бағытта заң бұзушылықтар анықталып жатқаны, атап айтқанда Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы делдал арқылы ақшалай пара алғандығы жөнінде күдікпен ұсталғандығын айта кетті. 

«Біз сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деп айтамыз.


Сәтбаев қаласының ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры
А.Е. Токсеитов

Возврат к списку