Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр Қазақстан Республикасы азаматының міндеті

05.03.2017
Сыбайлас жемқорлық - Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне жүйелік қатер тигізеді, өткізіліп отырған элеуметтік – экономикалық реформаларға бөгет болып, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына әсер етеді және де Қазақстан Республикасының халықаралық алаңдағы беделіне келеңсіз әсер етеді. 

Қазіргі заманауи сауда-саттық қатынастар мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде сыбайлас жемқорлық мәселесі өте өзекті болып табылады, себебі бұл құбылыстың қамту аумағы өте кең. 

Сыбайлас жемқорлық түсінігі ең алдымен мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты. Ауқымды өкілеттілікке ие мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлердің бақылаусыз әрекет ете отырып, мемлекет мүддесіне қарамастан лауазымдық дәрежесін өз мүддесіне қолдануға барлық мүмкіндіктері бар. 

Әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық қазіргі уақытта азаматтық қорғаныс органдарында да орын алуда. Ол ең алдымен азаматтық қорғаныс органдарының имиджіне теріс әсер етеді, халықтың сенімін төмендетеді, сондай-ақ азаматтық  қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікке залал келтіреді. 

Сыбайлас жемқорлық қоғамның дұрыс даму жолына жасалатын тосқауыл, оны жоюды қажет ететін әлеуметтік зардап. Оның мәнін, туындау талаптары мен салдарын толықтай және кең көлемде танып білмейінше мұндай жағымсыз құбылыспен тиімді күресе алмаймыз. 

Азаматтық қорғаныс органдарында сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою мақсатында жемқорлық көріністерді жою бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар қабылданды. Ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болу үшін әкімшілік тосқауылдарды азайту, тексерістер санын қысқартып, кәсіпкерлік қызмет бастамаларының жүзеге асуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі түрдегі жұмыстар атқарылуда. Қолданыстағы заңнамаларға өзгерістердің енгізілуіне байланысты өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қолданысқа беруді қабылдау алынып тасталды, сонымен бірге 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап бөлім қызметкерлері жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларына қатыспайтын болды. 

Сыбайлас жемқорлыққа күрес нәтиже беру үшін барлық адамдардың жұмыс істеуі және ниеттері болуы қажет. Бұл ретте Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімі де шетте қалған жоқ. Бөлімде қызметкерлермен сұхбаттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар жиі өткізіліп тұрады, сенім телефоны бар. Осы жылы жеке құраммен еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын талқылау мақсатында сабақтар өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың қаупін азайту, қызметкерлер арасында профилактикалық жұмысты жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында брифинг өткізілді.  

Аталған іс-шаралар сыбайлас жемқорлық көріністері қаупін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс органдары жұмысының ашық болуына, мемлекеттік билік органдарына халықтың сенімін арттыруға, азаматтық қорғаныс органдарының имиджін жоғарылатуға бағытталған. 

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам тұтастай бұл дертпен күресу керек. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пайда болғанда ғана бұл дертке қарсы оң нәтижеге жетуге болады. 


Саутбаев Н.Б.
бас маманы 
Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімі

Возврат к списку