Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру

30.06.2016
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мәселені Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылдың 26 желтоқсанында  бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көтерді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез - келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. 

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. 

Мемлекетімізде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдармен қатар көптеген бағдарламалар жасалып, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық тәжірибе алмастырылып, шаралар өткізілуде.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түпкі мақсаты қоғамда оған «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру арқылы оны біржолата жою болып табылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл азаматтық қорғау органдарында, басты міндеттердің бірі болып табылады және әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері үшін жазаны бұлтартпау туралы есте сақтауға борышты. 

А. Жумабаев
азаматтық қорғау подполковнигі 
ҚР ІІМ Қарағанды облысы 
ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 
№38 ӨСБ бастығы

Возврат к списку